Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанында мемлекеттік қызмет ардагерлері қатарынан тұратын Тәлімгерлер кеңесі консультативтік-кеңесші органы құрылды.
Тәлімгерлер кеңесіне басшылықты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Сәрсен Жандос Шералыұлы және Мемлекеттік қызмет ардагері, Қарағанды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төреғожин Оралды Тұрсынович тең төрағалық ету құқығымен жүзеге асырады.
Кеңес қызметі мемлекеттік органдардың жаңадан тағайындалған бірінші басшыларына кәсіби бейімделуіне практикалық көмек, жылдар бойы жинаған тәжірибелерімен бөлісу, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістеріне қатысты ұсынымдар беруге бағытталған.
Бүгінгі таңда Кеңестің үшінші отырысы өткізілуде. Отырыста жаңадан тағайындалған Қарағанды облысының ветеринария басқармасы және Шахтинск қаласы құрылыс бөлімінің басшылары атқарылған жұмыстары және алға қойған жоспарлары туралы жоспарларымен бөлісетін болады.
Кеңес отырысында аталған мемлекеттік орган басшыларының тағайындалған сәттен бастап атқарған жұмыстары, алға қойған жоспарлары тыңдалып, мемлекеттік қызметшінің мәртебесін көтеруге бағытталған ұсыныс, кеңестер берілетін болады.
Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен ұйымдастырған іс-шараларға белсенді қатысуда.
Мәселен, мемлекеттік қызметшілер арасында диалогтық алаңдарын өткізу, БАҚ сұхбат беру, ұлттық ойын түрлерінен өткізілген жарысқа ат салысу, жастармен бірлесіп экологиялық акцияларға белсенді қатысуда.