Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектісінің міндеттемелерінің, атап айтқанда 2023-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау барысы туралы ашықтық және айқындық мақсатында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының нысандары бойынша БАҚ және тұтынушылар үшін баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр.
Баспасөз турын өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 6 қыркүйекте сағат 10:00-де.
Нысандарға шығу үшін жиналу орны: Қарағанды қаласы, Ермекова көшесі, 29, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының әкімшілік ғимараты.
Департамент аталған іс-шараға облыс және қалалық маслихат депутаттарын, мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
БАҚ-ты аккредиттеу үшін 87212411827, 426700 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.