Мемлекеттік қызмет қағидаттарының бірі азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығын іске асыру болып табылады. Азаматтар үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Аталған мәселелер мүдделі тұлғалар, мемлекеттік қызметшілер мен жоғарғы оқу орнының түлектері қатысқан «Заманауи мемлекеттік қызмет: тең жағдайлар мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы диалог алаңында талқыланды.
Кездесу барысында гендерлік теңдік, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасау, жастарды мемлекеттік қызметке тарту, ынталандыру және т.б. мәселелер талқыланды.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 67,6% -ды құрайды, ал басқару қызметінде де республикалық деңгейде салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіш 44,3% -ды құрайды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға еңбек жағдайлары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері жасалған
Мәселен, бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметшілердің саны 53 адамды құрайды, олардың 12% -ы басшылық лауазымдарда. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметке жастарды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар жеке атап өтілді.
Атап айтқанда, мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі жекелеген мемлекеттік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындала алады.
Бұл аудандар мен ауылдық өңірлерге жас мамандарды тартуды ынталандыруға, сондай-ақ өңірлерде кәсіби кадрлар тапшылығын төмендетуге ықпал етеді, бұл мемлекеттік қызметке кіру процесін едәуір жеңілдетеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі әрбір азаматқа конкурстың барлық кезеңдеріне онлайн қатысуға мүмкіндік береді және адами факторды төмендетеді. Бұл процестер барлық азаматтарға, соның ішінде әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға тең мүмкіндіктер туғызады.
Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік қызметке кіру, жастарды дамыту жөнінде жобаларды нығайту бойынша сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Мемлекеттік қызмет елдің дамуына үлес қосқысы келетіндердің барлығына ашық.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті