Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ашық сауда нарықтарының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы сауда операциялары бойынша қолма-қол ақшамен есеп айырысу арқылы арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің бақылау кассалық

10 октября 2018 года
Екатерина Синицына Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы Қарағанды облысы бойынша МКД

 

Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ашық сауда нарықтарының аумағындағы стационарлық емес сауда нысандары арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарын (бұдан әрі - БКМ) пайдалануға міндетті, ал 2020 жылдан бастап БКМ қолдану бойынша міндеттеме патент шеңберінде жұмыс істейтін салық төлеушілерде де пайда болады.

Сонымен бірге, Салық кодексінің 167-бабының 1-тармағына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тек қана деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын салық органдарында тіркеу жазбаларына тіркеуге болатынына назарларыңызды аударамыз. 

2018 жылы деректерді тіркеу функциясы жоқ дәстүрлі БКМ тіркеу жалпыға бірдей телекоммуникация желісі жоқ жерлерде ғана мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасында аталған талапты міндетті түрде тағайындаған тұлғалар БКМ қолданбаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 284-бабының бірінші бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында кассалық операцияларды жүзеге асыруға, жұмыстарды орындауға, ақшалай қаражат арқылы қызмет көрсетуге,сондай-ақ ақаусыз БКМ пайдалану, немесе оны пайдалану орнындағы мемлекеттік кіріс органында тіркелмеген болса - ескерту жасалады.

            Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде бiрнеше рет жасалған Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 284-бабының екінші бөлімінде көзделген әрекеттер (әрекетсiздiк): жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 15 АЕК мөлшерiнде, 30 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері бойынша - 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.