Объявление

11 октября 2017 года

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент), 100000, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 3, 311 кабинет, анықтама үшін телефондар 8 (7212) 410936, факс 410935 e-mail: me.kanat@kgd.gov.kz, dkaparova@taxkrg.mgd.kz Департамент басшысының номенклатурасына жататын Департаменттің бос лауазымдарына конкурс өткізетінін хабарлайды:

 Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: әскери-дәрігерлік комиссиясында қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландыру,  сондай-ақ полиграфологиялық зерттеу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық -процессуалдық  Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі), «Құқық  қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу.

 

         Департаменттің Жедел-іздестіру қызметі басқармасы салықтық және қаржылық қылмыстарды ашу бөлімінің жетекші маманы-офицері C-GDO-6 санаты (2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жедел – іздестіру және басқа да заңмен қарастырылған тексеру шараларын жүзеге асыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша тексеріс материалдарын сапалы қарастыру және толық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық заңнамасында қарастырылған тәртіпте материалдар бойынша тергеуге дейінгі тексерісті, анықтауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық, лауазымдық қылмыстар және құқық бұзушылықтардың алдын алу, бөлім және басқарма басшысына аналитикалық материалдарды, есептерді және жұмыс қорытындысы бойынша шолуларды дайындау.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

 

Конкурсқа қатысуға үшін қажетті құжаттардың тізімі

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;

      4) бiлiмi туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшiрмесiн;

      5) әскери қызмет өткерген немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесiн;

      6) өлшемі 3х4 фотосуретін (4 дана);

      7) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және А4 форматында басылып шығарылған өмірбаянын;

      8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;

      9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;

      10) үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар;

      11) құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан заңнамаларға біліктілігін тестілеуден шекті деңгейден төмен емес нәтижеде өткендігі туралы сертификат;

      12) құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан жеке құзыреттерін бағалаудан өткендігі туралы қорытынды.

            Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.

            Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.