Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты азайту

8 августа 2018 года
Ақпараттық технологиялар басқармасы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті

 

Сыбайлас жемқорлық тарихы адамзат өркениетінің ежелгі тарихынан кем түспейді. Бұл теріс әлеуметтік құбылыстың терең тамыры бар.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тұжырымдамасы заңмен беріледі. «Заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де  лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар».

Қазақстан сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне, нарықтық экономиканың құрылымына, инвестициялар тартуға және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізетінін түсінеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді. Сондықтан Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы кеңселерімен, халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды орнату және нығайту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. 2004 жылғы 14 желтоқсанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) консультативтік тобының бірауыз шешімімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспары енгізілді. Халықаралық ұйымдар мен жұртшылық өкілдері біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы саясатымызды оң бағалап, республиканың халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылысын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықты азайтудың бір нұсқасы демократиялық болып табылады. Ол толық демократиялық институттардың терең әлеуметтік және саяси реформалардың өткізілуін қамтитын және азаматтық қоғамның осы үдеріске қатысуы. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және тауарлар импорты кезінде кедендік кедергілерді алып тастауы жемқор шенеуніктердің өнімдердің бағасына қызығушылық білдіретін кәсіпорындардың банкрот болуына әкелуі мүмкін. Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту және мемлекеттік органның жұмысын ақпараттандыру жөніндегі кешенді шараларды іске асыру мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей байланыстарын төмендетеді және сыбайлас жемқорлық құбылыстар жағдайларын азайтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең тиімді құралдардың бірі мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және адами факторды шешім қабылдау үдерісінен шығару болып табылады. Электрондық үкіметтің Қазақстанда дамуымен жағдай жақсарып келеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың жұмысын ақпараттандыру және мемлекеттік органдардың мамандарымен байланысын азайту мақсатында Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер департаментінде бірқатар ақпараттық жүйелер мен электрондық қызметтер осы талаптарға сәйкес жұмыс істейді. Ақпараттық технологияларды енгізу және пайдалану адам факторының ықпалын болдырмауға мүмкіндік береді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға шынайы ықпалын тигізеді.

Өкінішке орай, біздің қоғамда құқықтық сананың нормалары мен құндылықтары әлі анықталмады. Азаматтар сыбайлас жемқорлықтың себептері мен оны жеңу жолдары жайлы тым қарапаймы көзқарастарды ұстануда. Дегенмен, тек мемлекеттің және құқық қорғау органдарының күшімен сыбайлас жемқорлық сияқты зұлымдықты жеңу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық азаматтың азаматтық борышы бұл жағымсыз құбылысқа бей-жай қарамауға тиіс, сонымен қатар барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көрінісіне қарсы тұру.