Кәсіпорынды сату және жеке меншік иесінің ауысуы

11 октября 2017 года
А.Б.Таханов Қарағанды облысы бойынша МКД оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы

 

Нарықтық экономика жағдайында мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі, мүліктің еркін айнылымына және бизнестің тиімді жұмыс жасауы үшін жағдай жасау сұрақтары болып табылады. Осыған байланысты банкрот туралы заңнаманы қазіргі заманғы даму үрдісімен қарастыру керек.

Азаматтық – құқықтық бағыт тұрғысынан қолданыстағы заңнама тұжырымдамасын көрсетеді, оған сәйкес тек құқық объектісі болып табылатын, кәсіпорын белгілі бір мүліктік кешен. Бұл мүлік кәсіпшілік қызмет құралы бола тұра, кәсіпорынға субъект құқығы ретінде болатын, кәсіпкерге немесе біріктірілген адамдарға тиесілі. ҚР АК 119-бабында қарастырылған, мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi. Сондықтан, азаматтық және кәсіпкерлік құқық тұрғысынан борышкердің банкрот болған жағдайында кәсіпорын туралы бизнес ретінде айтуға болады.

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңы 2015 жылғы қараша айында 99-1 бабымен толықтырылды, банкрот жүйесінде кәсіпорынды сату ретін қалыптастыру. Банкроттық рәсім аясында басталған кәсіпорынды иеліктен шығару тікелей сату жолымен жүзеге асырылады. Заң тұрғысынан тікелей сату , борышкердің мүлкін, сату жоспарынан тыс, электрондық аукцион өткізбей сату деп түсінуге болады.

Кәсіпорынды сату кезінде бұдан басқа сатып алушыға банкроттың кредиторлық берешегі ауысады. Келісім жасалғаннан кейін банкроттың кредиторлары кәсіпорынның жаңа меншік иесінен борыштық міндеттерді орындауды талап етуге құқылы. Сатудан түскен ақша, әкімшілік шығындарға жіберіледі, қалған сома үш жұмыс күні ішінде борышкердің қатысушысына (меншік иесіне) жіберіледі. Бұл кредиторлардың бақылауымен жүзеге асады: баға және сатудың басқада шарттары, сондай – ақ сатып алушы және шарт жасау мерзімі мүлік меншік иесінің, борышкер қатысушылардың келісімімен, кредиторлардың бірауызды шешімімен анықталады.

Кәсіпорынды сатудан кейін банкроттық басқарушы сотқа, кредиторлар жиналысымен келісілген өз қызметі туралы қорытынды есепті ұсынады. Банкроттық басқарушы сотқа тарату балансын жасау және ұсыну міндетінен босатылады. Сот қорытынды есепті бекітеді және борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімі туралы шешiмнің күшін жояды, өйткені борышкердің кредиторлары да, мүлкіде де қалмайды.

Борышкердің құқықтық тағдырын субъект құқығы ретінде және кәсіпорынды объект құқығы ретінде бөлуге болады. «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР заңнамасы бойынша кәсіпорынды сақтау үшін барлық алғышарттар құрылды -  қолданыстағы мүлік кешені.