Бірыңғай кеңес беру күні

17 января 2018 года
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

 

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге арналған «Бірыңғай кеңес беру күні» акциясының жалғасатыны туралы хабарлайды.

Әр аптаның бейсенбі күндері Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің барлық аумақтық басқармалары сағат 15.00-ден сағат 18.00-ге дейін салық төлеушілер үшін «Бірыңғай кеңес беру күнін» өткізеді. Оның барысында салық және кеден заңнамалары бойынша туындаған барлық сауалдарға қатысты кеңестер мен түсініктемелер алуға болады.

Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз!